Масқараға шақ қалды: «Бавария» Германия кубогында ноунейм клубтан ұшып кете жаздады
«Бавария» Германия кубогының 1/16 финалына шықты
Футбол
Аружан Темірбек
Редактор
ФОТО: Бавария ФК
Мюнхендік «Бавария» Германия кубогының 1/16 финалына әрең ілікті. Дей тұрғанмен, олар сырт алаңда «Вехенді» 3:2 есебімен тізе бүктірді.
Висбадендегі матч Бундеслиганың қазіргі чемпионы үшін нағыз сынақ болды. Алдымен Харри Кейн пенальтиден есеп ашып, артынша Майкл Олисе қонақтардың басымдығын арттырды – 0:2. Бірақ «Вехен» беріспеді: Фатих Кая алты минуттың ішінде дубль жасап, таразы басын теңестірді.
Қосымша уақытқа кететін сәтте, 90-минутта Кейн тағы бір гол салып, дубльдің авторы атанды. Осылайша «Бавария» келесі кезеңге жолдама алды.
Германия кубогы, 1/32 финал
«Вехен» — «Бавария» — 2:3 (0:1)
Голдар: Фатих Кая, 64 (1:2), 70 (2:2) — Гарри Кейн, 16 (0:1, пенальти), 90 (2:3). Майкл Олисе, 51 (0:2).