locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Қонақ Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
Мәзір

Марсело әулеті: аңыздың кенже ұлы Реал сапында керемет дебют өткізді

Футбол 07 нау 2025 02:19
Асылхан Тоқсанбек
Асылхан Тоқсанбек
ФОТО: Instagram

Аңыз ойыншы Марселоның кенже ұлы Лиам Алвес Виейра "Реал" академиясындағы алғашқы қадамын сенімді бастады. Ол "Бенхамин А" сапындағы дебюттік матчында "Фуэнтеларрейна" қақпасына төрт гол соғып, командасының 24:0 есебімен жеңіске жетуіне үлес қосты.

2015 жылы туған Лиам жақында "Реалмен" келісімшартқа отырып, қазір әртүрлі позицияларда ойнап жүр. Бұл ойында ол физикалық дайындығы мен өзіне деген сенімділігін көрсетті. Командадағы әріптестері оның дебютін ерекше атап өтіп, жиі пас беріп, шабуылда белсенді болуына көмектесті.

Лиамның футболдағы болашағын оның әкесі Марсело басқаратын Grupo Doze агенттігі қадағалайды. Сондай-ақ, Марсело өзінің үлкен ұлы Энцоның да мансабын бақылауда ұстап отыр. Энцо жақында "Кадете Б" сапында дубль жасады, бірақ ол жарақатына байланысты маусымның бір бөлігін өткізіп алған еді. Қайта алаңға оралғаннан кейін ол 18 матчта 24 гол соғып, өзінің жоғары әлеуетін дәлелдеді.

Энцо жасына қарамастан екі жас санатынан өтіп, "Хувениль Б" командасында дебют жасады және "Реал" академиясында мұндай жетістікке жеткен ең жас футболшы атанды. Жақында Марсело ұлының келісімшартын ұзартқанын хабарлап, оның жетістіктері мен табандылығын мақтан тұтатынын жеткізді.

Осылайша, Марселудың отбасында екі талантты футболшы өсіп келеді. Егер Энцо қазірдің өзінде жоғары деңгейге жақындап қалса, Лиам да өзінің болашағынан үлкен үміт күттіретінін дәлелдеп отыр.

Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie