locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Мареска өз болашағына қатысты «Челсидегі» қауесеттерге жауап берді

Бапкер бұл жай ғана алыпқашпа әңгіме деп санайды
Футбол
Данияр Қайратов
Данияр Қайратов
Редактор
Мареска өз болашағына қатысты «Челсидегі» қауесеттерге жауап берді
ФОТО: Getty Images

Соңғы апталарда «Челсидің» бас бапкері Энцо Мареска мен оның болашағына қатысты түрлі қауесеттер өрши түсті, нәтижесінде келесі маусымда оның қайда жұмыс істейтіні туралы сұрақтар туындауда.

Матч алдындағы баспасөз мәслихатында италиялық маманнан «Челсиді» жаттықтыруды жалғастыра ма?» деп сұрады. Мареска бұл сұраққа нақты әрі анық жауап берді.

«Иә. Менің келісімшартым 2029 жылға дейін. Бұл – 100 пайыз алыпқашпа әңгіме. Бұған қосарым жоқ. Мен бұған назар аудармаймын», — деп мәлімдеді Мареска.

Мареска «Челсиді» 2024 жылдың шілдесінде тізгіндеп, содан бері Лондон клубының бас бапкері ретінде 89 матч өткізіп, 55 жеңіс, 14 тең ойын және 20 жеңіліске ұшырады.

Маманның «Челсидегі» басты жетістіктері қатарында УЕФА Конференциялар лигасы мен ФИФА клубтық әлем чемпионатындағы жеңістерін атап өтуге болады.

Бұған дейін италиялық маман «Манчестер Сити» бас бапкері қызметіне үміткер екені хабарланған болатын.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie