«Манчестер Юнайтедтің» негізгі ойыншысы Криштиану Роналдумен қайта бірікпек
«Манчестер Юнайтедтің» тәжірибелі қорғаушысы Харри Магуайрдың «қызыл шайтандармен» келісімшарты 2026 жылдың жазында аяқталған соң Сауд Арабиясына ауысуы мүмкін.
The Mirror мәліметінше, қорғаушы Сауд Арабиясының екі ұсынысын байыппен қарастырып отыр. 32 жастағы орталық қорғаушыға «Аль-Наср» және «Аль-Иттифақ» клубтары қызығушылық танытуда.
Егер ол «Аль-Насрға» ауысса, Криштиану Роналдумен қайта бірге ойнайды және оның жалақысы Англиядағы қазіргі келісімшартымен салыстырғанда едәуір өседі.
Магуайр 2019 жылы «Лестерден» «Манчестер Юнайтедке» 87 миллион еуроға ауысқан болатын және қазір «Олд Траффордтағы» соңғы маусымын өткізіп жатқанға ұқсайды. 2026 жылдың қаңтарынан бастап ол жаңа клубпен алдын ала келісімшартқа қол қоя алады.
Бұған дейін біз АПЛ-дың үш топ-клубы «Реалдың» жетекшісіне қызығушылық танытып отырғанын хабарлаған едік.