Манчестер Юнайтед жастар командасының жартылай қорғаушысы негізгі командаға қосылды
Футбол
Наурызбай Қанатұлы
Фото: gettyimages
"Манчестер Юнайтед" жастар командасының жартылай қорғаушысы Секу Коне "Тоттенхэмге" қарсы матчқа шақырту алды.
Өткен жазда "Манчестер Юнайтедке" ауысқан 19 жастағы талантты жартылай қорғаушы негізгі команда сапына қосылды.
Бұған командадағы жарақат мәселесі себеп болып отыр. Осы аптада (жаттығу кезінде) "Манчестер Юнайтедтің" үш жартылай қорғаушысы жарақат алып қалған еді:
Кобби Майну
Мануэль Угарте
Тоби Кольер.
Айта кетейік, Англия Премьер-лигасының 25-тур аясында өтетін "Тоттенхэм" мен "Манчестер Юнайтед" арасындағы матч Қазақстан уақыты бойынша сағат 21:30-да басталады.