locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Манчестер Юнайтед» жартылай қорғауды күшейтуге үміткерін анықтады

Манкуниандықтар оны жақын арада «Олд Траффордта» іс жүзінде көретін болады
Футбол
Жантөре Қайсаров
Жантөре Қайсаров
Редактор
«Манчестер Юнайтед» жартылай қорғауды күшейтуге үміткерін анықтады
ФОТО: Getty Images

«Манчестер Юнайтед» трансферлік нарықтағы басым бағыттардың бірі ретінде жартылай қорғау шебін әлдеқашан белгілеген, алайда соңғы уақытта орталыққа жаңа ойыншылар қосылмаған еді. Дегенмен, бұл жағдай жақын арада өзгеруі мүмкін.

talkSPORT мәліметінше, «Олд Траффордта» бүгінгі таңда «Борнмуттың» жартылай қорғаушысы Тайлер Адамсқа назар аударылып отыр. «Шиегүлділердің» ойыншысын таңдау себебі – басқа үміткерлердің, атап айтқанда, «Ноттингем Форесттен» Эллиот Андерсон мен «Брайтоннан» Карлос Балебаның бағасы жүз миллион фунттан асып кеткен, ал Адамсты 40 миллионға алуға болады.

Келісім болса, ол тек жазда жүзеге асуы мүмкін деп күтіледі. Бұл – келесі жазда өтетін әлем чемпионатына байланысты, онда 26 жастағы ойыншы АҚШ құрамасының өз алаңындағы турнирінде капитан болуға дайындалып жатыр.

Бұған дейін Рубен Аморим мәжбүрлі шығындарға байланысты өзіне тән 3-4-3 схемасынан бас тартуға дайындалып жатқаны хабарланған болатын.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie