locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Манчестер Юнайтед» Уго Экитикеге қызығушылық танытып отыр

«Айнтрахт» сұранысқа ие ойыншы үшін кем дегенде 100 млн еуро сұрайды
Футбол
Абылай Сеитов
Абылай Сеитов
Журналист
«Манчестер Юнайтед» Уго Экитикеге қызығушылық танытып отыр
ФОТО: Getty Images

The Athletic мәліметінше, «Манчестер Юнайтед» франкфурттық «Айнтрахттың» шабуылшысы Уго Экитикені өз қатарына қосуға мүдделі. 22 жастағы француз ойыншысына бұған дейін «Ливерпуль» мен «Челси» де қызығушылық білдірген.

«МЮ» клубы қазірдің өзінде ойыншының трансфері бойынша ресми сұрау жолдап үлгерді. Неміс ұжымы болса, талантты форвардты 100 миллион еуродан төмен бағаға жіберуге ниетті емес. Transfermarkt порталы Экитикенің нарықтық бағасын 75 миллион еуроға бағалайды.

2024/25 жылғы маусымда Экитике 48 кездесуде алаңға шығып, 22 гол соқты және 12 нәтижелі пас берді.

«Манчестер Юнайтед» Эмилиано Мартинеспен келіссөз бастады.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie