locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Манчестер Юнайтед Дьёкерешті сатып алуға ниетті: трансфер құны 70 миллион еуро болуы мүмкін

Футбол
Арсен Алиев
Арсен Алиев
Редактор
Манчестер Юнайтед Дьёкерешті сатып алуға ниетті: трансфер құны 70 миллион еуро болуы мүмкін
ФОТО: Getty Images

Лиссабондық "Спортинг" шабуылшысы Виктор Дьёкереш "Манчестер Юнайтед" клубының назарына ілікті. GiveMeSport басылымының мәліметінше, ағылшын клубы швед футболшысын 100 миллион еуродан төмен бағаға сатып алуды жоспарлап отыр.

Дереккөзге сүйенсек, "Спортинг " ойыншыны 65-70 миллион еуро аралығында сатуға дайын. Футболшының келісімшартында 100 миллион еуро көлемінде өтемақы сомасы көрсетілгенімен, клуб пен ойыншы бағаны төмендету жөнінде өзара келісімге келген.

Дьёкереш 2023 жылы "Спортинг " клубына ауысып, 2028 жылдың жазына дейінгі келісімшартқа қол қойды. Биылғы маусымда 26 жастағы шабуылшы жоғары нәтижелер көрсетіп келеді: 39 матчта 37 гол соғып, 9 нәтижелі пас берді. Transfermarkt порталының мәліметінше, оның нарықтық бағасы 75 миллион еуроға тең.

Сондай-ақ оқыңыз: Анчелотти Мбаппе туралы: "Ол өз деңгейінде ойнамады, бірақ тапсырмасын орындады"

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie