locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Манчестер Юнайтед» басшылығы бас бапкерге қатысты түбегейлі шешім қабылдады

Манчерстердің қызыл бөлігінде тағы бір бапкерлік ауысым болуы мүмкін
Футбол
Данияр Қайратов
Данияр Қайратов
Редактор
«Манчестер Юнайтед» басшылығы бас бапкерге қатысты түбегейлі шешім қабылдады
ФОТО: Getty Images

Рубен Аморим 2024 жылдың күзінде «Манчестер Юнайтед» тізгінін қолына алып, клубта бір жылдан астам уақыт жұмыс істеп келеді. Алайда, бұл маусым оның соңғысы болуы ықтимал.

Indykaila News деректеріне сүйенсек, «қызыл шайтандардың» басшылығы Аморимнің жұмысына көңілі толмай отыр және оның клубты бұрынғы даңқты деңгейіне қайтара алатынына сенбейді. Бас бапкер қызметіне басты үміткерлердің бірі — Оливер Гласнер, ол 2026 жылдың жазында «Кристал Пэластен» кетеді деп күтілуде.

Егер нәтиже жақсармаған жағдайда, «Юнайтед» Аморимді маусым барысында-ақ қызметінен босатып, уақытша бапкер тағайындауға дайын.

Алдыңғы матчта «Манчестер Юнайтед» «Борнмутпен» 4:4 есебімен тең ойнады. Қазір команда 16 турдан кейін 26 ұпаймен турнир кестесінде алтыншы орында, төртінші орыннан екі ұпайға қалып келеді.

Бұған дейін Бруну Фернандеш «Манчестер Юнайтед» жайлы естен тандыратын мәлімдеме жасаған болатын.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie