«Манчестер Юнайтед» аңызы 1998/1999 жылғы требл медальдарын сатуға ұсынылған таңғаларлық соманы ашып берді
Қазіргі өлшем бойынша да қомақты сома
Футбол
Жантөре Қайсаров
Редактор
ФОТО: Getty Images
1998/1999 маусымы – «Манчестер Юнайтед» үшін тарихи кезең, себебі команда сол кезде «требл» жасап, АПЛ-ды, Англия кубогын және Чемпиондар лигасын қатарынан жеңіп алды. Сол кезде футболшыларға қызықты ұсыныстар түсе бастады, бұл жолы трансферлер туралы емес.
Ол маусымның басты қаһармандарының бірі Никки Баттың айтуынша, 1999 жылы оған үш медалін сату үшін жарты миллион фунт ұсынған.
«Білесің бе, біз алғаш рет сол үш медальды жеңіп алғанымызда... Есімде, электронды поштаға хат келді, сонда Қытайдан біреу бізге 500 000 фунт ұсынды», – деп бөлісті Батт The Good, The Bad & The Football подкастында.
Бүгінгі бағам бойынша жарты миллион фунт – бұл 960 мың фунттан сәл артық, немесе 656 миллион теңге.