«Манчестер Сити» қорғанысы бұзылды. Родриго 32 матчтан кейін алғаш рет «Реал» үшін гол соқты
Хаби Алонсоның командасы мен ойыншының өзі үшін маңызды гол
Футбол
Жантөре Қайсаров
Редактор
ФОТО: Getty Images
11 желтоқсанға қараған түні «Реал» өз алаңында «Манчестер Ситиді» қабылдады. Дәл осы үй иелері есепті алғаш болып ашты — Родриго өте-өте ұзақ үзілістен кейін гол салып, командасына басымдық әкелді.
Бразилиялық ойыншы Альваро Карреасаның өз алаңынан басталған рейдін сәтті аяқтап, Джанлуиджи Доннарумманың алыс бұрышына допты дәл бағыттап, матчтың есебін ашты.
Родриго үшін бұл гол ерекше маңызды, өйткені ол «Реал» сапында 32 матч бойы гол соға алмай жүрген еді. Айта кетерлігі, бразилиялық ойыншы «Манчестер Ситидің» қақпасын осымен бесінші рет дәл көздеп отыр. Матч жалғасуда, ал оның тікелей эфирін қай жерден көруге болатыны белгілі.