locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Ман Сити» «Ливерпульді» талқандады және бірінші орында тұрған «Арсеналға» жақындады

Қалалықтар маңызды үш ұпайды қоржынға салды
Футбол
Дамир Кошечкин
Дамир Кошечкин
Журналист
«Ман Сити» «Ливерпульді» талқандады және бірінші орында тұрған «Арсеналға» жақындады
«Ман Сити» «Ливерпульді» талқандады және бірінші орында тұрған «Арсеналға» жақындады

Тоғызыншы қарашада Англия Премьер-лигасының 11-турында «Манчестер Сити» өз алаңында «Ливерпульмен» кездесті.

«Қалалықтар» бірінші таймда сенімді түрде 2:0 есебімен алға шықты. Үй иелерінің сапынан гол авторлары Холанд пен Нико болды. Айта кетерлігі, Эрлинг пенальтиді жүзеге асыра алмады.

Екінші таймда Жереми Доку «Ман Сити» үшін тағы бір голдың авторы атанды.

Нәтижесінде, «қалалықтар» кездесуде 3:0 есебімен айқын жеңіске жетті!

Англия Премьер-лигасы. 11-тур

«Ман Сити» - «Ливерпуль» - 3:0 (2:0)

Голдар: Холанд, 29, Нико, 45+3, Доку, 63.

Іске аспаған пенальти: Холанд, 13 («Ман Сити»).

«Ливерпуль» 18 ұпаймен АПЛ-де сегізінші орында. «Ман Сити» 22 баллмен екінші сатыда. Ал көш басындағы «Арсеналдың» еншісінде 26 ұпай бар.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie