locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Максим Самородов «Ахматтың» оқу-жаттығу жиынына қосылды

Қазақстан құрамасының шабуылшысы жаңа маусымға дайындықты бастады
Футбол
Абылай Сеитов
Абылай Сеитов
Журналист
Максим Самородов «Ахматтың» оқу-жаттығу жиынына қосылды
ФОТО: ФК «Ахмат»

Қазақстан құрамасының шабуылшысы Максим Самородов Грозный қаласының «Ахмат» клубының Новогорскідегі оқу-жаттығу жиынына қосылды.

Дайындықтың алғашқы кезеңінде «Ахмат» үш жолдастық матч өткізуді жоспарлап отыр. Алғашқы кездесу 29 маусымда өтеді – қарсылас ретінде мәскеулік «Динамо» таңдалған. Қалған қарсыластар кейінірек белгілі болады.

Ресей Премьер-лигасының жаңа маусымы 18–21 шілде аралығында басталады. Бірінші турда Самородовтың командасы өз алаңында Қазанның «Рубин» клубын қабылдайды.

Өткен маусымда Ахмат РПЛ-да 14-ші орын алған болатын. Самородов Ресей чемпионатында 24 кездесу өткізіп, алты гол соғып, төрт нәтижелі пас берді.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie