Маңызды кезең. Энцо Фернандес «Челси» сапында АПЛ-дегі 100-матчын өткізеді
Энцо Фернандес Премьер-лиганың 19-турындағы «Борнмутқа» қарсы матчта негізгі құрамда алаңға шығады. Бұл ойын аргентиналық жартылай қорғаушы үшін ерекше мәнге ие — ол маңызды белеске жетпек.
Opta мәліметінше, бүгін кешке «Челси» сапындағы аргентиналық жартылай қорғаушы өзінің мансабындағы маңызды кезеңге аяқ басады — Премьер-лигадағы «Борнмутқа» қарсы бұл ойын оның Англияның элиталық дивизионында өткізген 100-матчы болады.
Сондай-ақ, бұл матч Энцоның осы маусымдағы барлық жарыстардағы «Челси» үшін өткізген 25-матчы болмақ. Ол осы уақыт ішінде бес гол соғып, екі нәтижелі пас берген.
Айта кетейік, Энцо Лондон клубына 2023 жылдың қаңтарында «Бенфикадан» 121 миллион еуроға ауысып келген болатын.
Айтпақшы, бұған дейін Дастан Сатпаевтың болашақ командасының басты мәселесі аталған еді.