Майнц тарихи нәтиже тіркеуі мүмкін
Футбол
Наурызбай Қанатұлы
Фото: gettyimages
Бундеслигада "Майнц" командасы өте қарқынды келе жатыр. 25 матчтан кейін 44 ұпай жинап, турнирлік кестеде үшінші орында келеді. 42 гол соғып, 26 гол жіберген.
Бұл клуб тарихындағы ең үздік нәтиже. Бундеслиганың 25 турынан кейін ешқашан мұнша көп ұпайға қол жеткізбеген еді.
"Майнц" клубы лигадағы 16-шы маусымын өткізіп жатыр. Осыған дейін бесінші орыннан жоғары көтерілмеген екен.
Сондай-ақ, неміс клубы Чемпиондар лигасына тарихында алғаш рет жолдама алуы мүмкін.
Кеше түнде Хенриксен шәкірттері "Боруссия М" командасына қонаққа барып, 1:3 есебімен жеңіске жеткен болатын.
Бундеслигадағы келесі ойынын 15 наурыз күні "Боруссияға" қарсы өткізеді.