Лукакудың рекордын жаңартты: 16 жастағы ирландиялық еурокубоктар тарихындағы ең жас гол авторы атанды
Футбол
13 ақп 2025 15:12

Дамир Кошечкин
sports24 сарапшы

ФОТО: Getty Images
Конференциялар лигасының 1/16 финалының алғашқы кездесуінде Шэмрок Роверссырт алаңда Мольде клубын 0:1 есебімен жеңді. Жеңіс голын кездесудің 57-минутында 16 жастағы Майкл Нунен соқты.
Бұл голдың арқасында Нунен еуропалық клубтық турнирлер тарихында ең жас гол авторы ретінде тарихқа енді.
Гол соққан сәтінде Нуненнің жасы 16 жыл 197 күн болды. Осылайша, ол бұрынғы рекорд иесі Ромелу Лукакудың көрсеткішін жаңартты.
Айта кетейік, Шэмрок Роверс пен Мольде арасындағы қарымта кездесу 20 ақпанда өтеді.
Конференциялар лигасының 2024/2025 маусымының финалы 28 мамыр күні Польшаның Вроцлав қаласында өтетінін еске саламыз.
Танымал жаңалықтар

Басқа спорт түрлері
Бүгін 07:45


Басқа спорт түрлері
Бүгін 05:30
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек