locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Лука Модрич «Миланға» ауысуға жақын

39 жастағы хорват өзінің бала кезгі сүйікті клубына өтуге келісім берді
Футбол
Абылай Сеитов
Абылай Сеитов
Журналист
Лука Модрич «Миланға» ауысуға жақын
ФОТО: Getty Images

Мадридтің «Реалы» мен Хорватия құрамасының жартылай қорғаушысы Лука Модрич Италияның «Милан» клубына ауысуға жақын. La Repubblica мәліметінше, 39 жастағы тәжірибелі футболшы трансферге келісім беріп, «россонери» клубымен 2026 жылдың жазына дейін келісімшартқа қол қояды. Қазіргі таңда келіссөздер аяқталуға таяу.

Мәлімет бойынша, Модрич бала күнінен бері «Миланға» жанкүйерлік етеді. Сондықтан бұл ауысу оның жеке мансабында маңызды шешім болмақ.

Футболшының «Реалмен» келісімі 2025 жылдың жазында аяқталады. Демек, «Милан» оны тегін – еркін агент ретінде сапына қосуға мүмкіндік алады.

Модрич 2012 жылдан бері «Реал» сапында ойнап келеді. Осы уақыт аралығында ол 590 матч өткізіп, 43 гол соқты және 95 нәтижелі пас берді. Ол команданың құрамында 28 трофей жеңіп алған, соның ішінде алты мәрте Чемпиондар лигасын иеленді.

Әлемдегі ең қымбат футбол клубтарының рейтингі жарияланды. Үздік үштікке «Реал» мен «Барселона» кіріп, тек спорттық емес, қаржылық қуатын да дәлелдеді.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie