locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Лука Модрич әлем чемпионатының іріктеуінде гол соққан ең егде еуропалық ойыншы атанды

Хорватиялық жартылай қорғаушы 39 жас 9 айында рекорд орнатты
Футбол
Абылай Сеитов
Абылай Сеитов
Журналист
Лука Модрич әлем чемпионатының іріктеуінде гол соққан ең егде еуропалық ойыншы атанды
ФОТО: Getty Images

Хорватия құрамасының капитаны Лука Модрич әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде гол соққан ең егде еуропалық футболшы атанды, деп хабарлайды R10 Score.

Бұл жетістік Чехияға қарсы өткен кездесуде тіркелді – Хорватия 5:1 есебімен ірі жеңіске жетті. Модрич 39 жас 9 айында гол соғып, бұған дейінгі рекорд иесі болған Босния шабуылшысы Эдин Джеконың көрсеткішінен (39 жас, 2 ай, 12 күн) асып түсті.

Келесі матчта Хорватия 5 қыркүйекте Фарер аралдарына қарсы ойнайды. Чехия дәл сол күні Черногориямен кездеседі.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie