locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Луис Энрике «ПСЖ» тізгініндегі мерейтойлы матчын өткізді

Футбол
Наурызбай Қанатұлы
Наурызбай Қанатұлы
Луис Энрике «ПСЖ» тізгініндегі мерейтойлы матчын өткізді
Фото: gettyimages

Франциялық «Пари Сен-Жермен» клубы Чемпиондар лигасының ширек финалында ағылшындық «Астон Вилла» клубымен кездесті.

Аталған матч, париждік клубтың бас бапкері Луис Энрике үшін мерейтойлы матч болды. «ПСЖ» испаниялық маманның жетекшілігімен өткен 100 матчтың 71-де жеңіске жеткен. 18 мәрте тең ойнаса, 11 мәрте жеңілген.

54 жастағы маман париждік клубқа бас бапкер болып 2023 жылдың жазында келген болатын.

Париждік клуб Чемпиондар лигасының ширек финалындағы алғашқы матчта 3:1 есебімен жеңіске жетті. Командалар арасындағы қарымта матч 16 сәуірге қараған түні өтеді.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie