Луи ван Гал: «МЮ» - бұл футбол клубы емес, бизнес жоба
«Манчестер Юнайтедтің» бұрынғы бас бапкері Луи ван Гал клубты тағы да сынға алды. Оның айтуынша, команданың басты мәселесі - футболға емес, коммерцияға басымдық беруінде.
«Мен мұны бұрын да айтқанмын - «Манчестер Юнайтед» толыққанды футбол клубы емес, ол - коммерциялық ұйым. Трансферлік саясатта шешімді бапкер емес, басқа біреулер қабылдайтын жағдайда жұмыс істеу өте қиын. Команданың қандай ойыншыларға мұқтаж екенін тек бапкер ғана нақты біледі», - деп келтіреді маманның сөзін Sky Sports.
Айта кетейік, ван Гал манкуниандықтарды 2014 жылдан 2016 жылға дейін жаттықтырды. Англия Кубогында белгілі бір жетістіктерге жеткенімен, Премьер-лигада тұрақты нәтиже көрсете алмай, қызметінен кеткен болатын.
Ал өткен маусым клуб тарихындағы ең сәтсіз кезеңдердің бірі болды: Рубен Аморим баптаған «Манчестер Юнайтед» Англия Премьер-лигасының турнирлік кестесінде небәрі 15-орынға тұрақтады. Соған қарамастан, команда Еуропа лигасының финалына дейін жетіп, онда «Тоттенхэмнен» аз ғана есеппен жеңілді.