locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Лозанна» қателіктерді кешірмеді: «Астана» Конференция лигасы іріктеуіндегі алғашқы матчта жеңілді

«Лозанна» взяла уверенную победу в первом матче квалификации
Футбол
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
«Лозанна» наказала за ошибки: «Астана» уступила в первом матче квалификации Лиги конференций
ФОТО: Астана ФК

7-нен 8 тамызға қараған түні Швейцарияда Конференция лигасының үшінші іріктеу кезеңінің алғашқы матчы өтіп, «Астана» «Лозаннаға» 1:3 есебімен жол берді.

Алаң иелері ойынның алғашқы минуттарынан-ақ қарқынды шабуыл ұйымдастырып, 24-минутта алға шықты – Джейми Роше қонақтар қорғанысындағы үйлесімсіздікті пайдаланып, есеп ашты. Қазақстандықтар бастаманы өз қолына алуға тырысқанымен, 42-минутта Мамаду Селе Кажуколовастың өрескел қателігінен кейін допты қағып әкетті де, «Лозаннаның» басымдығын еселеді.

Екінші таймда «Астана» шабуылды күшейтті, алайда 72-минутта Албан Айдини есепті ірі етіп, алаң иелерінің жеңісін бекемдеді. Тек матчтың соңында ғана қонақтар құрғақ жеңілістен қашты – 90-минутта Башич шабуылды сәтті аяқтап, қорытынды нәтижені орнатты. Айта кетерлігі, ойын басында төреші Башичке қызыл қағаз көрсеткен, бірақ VAR бейнеқайта қарағаннан кейін шешімін өзгерткен.

Конференциялар лигасы, іріктеу, 3-кезең
«Лозанна» – «Астана» – 3:1 (2:0)
Голдар: Джейми Роше, 24 (1:0). Мамаду Селе, 42 (2:0). Албан Айдини, 72 (3:0). Башич, 90 (3:1).

Қарымта кездесу 14 тамыз күні Астанада өтеді.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie