locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Ливерпульге» чемпион атану үшін бір ғана жеңіс қалды. Слот бар назарын алдағы ойынға аударды

Футбол
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
«Ливерпульге» чемпион атану үшін бір ғана жеңіс қалды.  Слот бар назарын алдағы ойынға аударды
ФОТО: Getty images

Ағылшын Премьер-лигасының 33-турында «Ливерпуль» сырт алаңда «Лестерден» 1:0 есебімен басым түсті. Ойындағы жалғыз әрі шешуші голды қорғаушы Трент Александер-Арнольд соқты. Бұл жеңіс мерсисайдтық клубқа чемпиондық жарыста аса маңызды үш ұпай сыйлады.

Арне Слоттың командасы бұл турда чемпион атануы мүмкін еді, алайда «Арсенал» «Ипсвич Таунды» 4:0 есебімен ойсырата жеңіп, «Ливерпульдің» алтын тойын кем дегенде бір турға шегерді.

Жеңістен кейін «Ливерпуль» 79 ұпаймен көш бастап тұр. Екінші орындағы «Арсеналдың» еншісінде 66 ұпай бар. Маусымның аяқталуына бес тур қалды.

Ойыннан кейін «Ливерпульдің» бас бапкері Арне Слот команда әлі де толық босаңсыған жоқ екенін айтып, келесі турдағы «Тоттенхэмге» қарсы матчқа дайындыққа назар аударатынын жеткізді.

«Ливерпульдің» бас бапкері Арне Слоттың матчтан кейінгі толық баспасөз мәслихатын назарларыңызға ұсынамыз.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie