locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Ливерпуль» «Вулверхэмптонды» минималды есеппен жеңіп, топ-4 қатарына кірді

Арне Слоттың командасын қатарынан үшінші жеңіс топ-4-ке көтерді
Футбол
Қайсар Дәулетбай
Қайсар Дәулетбай
Редактор
ФОТО: Getty images

Премьер-лиганың 18-турындағы кезекті матчта «Ливерпуль» «Энфилдте» «Вулверхэмптонды» қабылдады. Кездесу алаң иелерінің жеңісімен аяқталды – 2:1.

Матчтың тағдыры бірінші таймның соңында шешілді. Бір минуттың ішінде Райан Гравенберх пен Флориан Вирц «қасқырлардың» қақпасын дәл көздеп, командалар үзіліске 2:0 есебімен кетті.

Екінші тайм басында Буэно бір гол соғып, Слот командасына жүйке тоздырарлық соңғы минуттарды сыйлады. Дегенмен, «Ливерпуль» ойыншылары жеңісті ұстап қала білді – бұл АПЛ аясындағы үшінші қатарынан жеңіс.

Осы матчтан кейін «Ливерпуль» 32 ұпай жинап, топ-4-ке енді. Дегенмен, 29 ұпайы бар «Челси» әлі бір ойынды өткізген жоқ.

«Вулверхэмптон» турнир кестесінің соңғы сатысында қала берді, екі ғана ұпайы бар. Бірақ «қасқырлардың» ойыны жақсарды. Рлба Эдвардстың командасы қонақта «Арсенал» мен «Ливерпульге» қарсы өткен матчтарда да ұпай ала жаздады, екі жағдайда да минималды есеппен жеңілді.

Англия премьер-лигасы. 18-тур

«Ливерпуль» – «Вулверхэмптон» – 2:1 (2:0)

Голдар: Гравенберх, 41 (1:0); Вирц, 42 (2:0); С. Буэно, 52 (2:1).

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie