Ливерпуль тарап кете ме? Ван Дейк Сауд Арабиясынан 20 миллион еуроға ұсыныс алды
“Ливерпульдің” Чемпиондар лигасынан шығып кетуі келісімшарттары аяқталайын деп жатқан мерсисайдтардың бірнеше көшбасшыларының болашағы туралы талқылауды жеделдете алады. Бұл тек Мұхаммад Салах пен Трент Александр-Арнольд емес, сонымен қатар Вирджил ван Дейк туралы болуы да мүмкін.
L'Equipe басылымының хабарлауынша, 33 жастағы қорғаушы Сауд Арабиясының “Әл-Хилял” клубынан жылына 20 миллион еуродан асатын ұсыныс алған. Бірақ команда капитаны жауап беруге асықпайды және маусымның соңына назар аударды.
Еске салайық, “Ливерпуль” бұған дейін екі турнирден – Чемпиондар лигасында “ПСЖ-дан” және Англия Кубогында Чемпионшип аутсайдері “Плимуттан” ұшып кеткен болатын. Мерсисайдтықтар АПЛ титулын жеңіп қойған деуге де болады, олар кестеде “Арсеналдан” 15 ұпайға алға шығып, көш бастап келеді. Ал осы сенбіде “Ньюкаслға” қарсы Англия Лигасы Кубогының финалдық ойыны өтеді.