«Ливерпуль» мен «Тоттенхэм» «Борнмуттың» шабуылшысын алу үшін таласқа дайындалуда
АПЛ-дың топ-клубтары «Ливерпуль» мен «Тоттенхэм» «Борнмут» шабуылшысы Антуан Семеньоны өз қатарына қосу үшін күресуге дайын.
TeamTalk деректеріне сүйенсек, «Ливерпульдің» қызығушылығы Арне Слот басқаруындағы құрамдағы өзгерістермен байланысты. Семеньоның әмбебаптығы, қанатта да, орталықта да ойнай алу қабілеті, оны клубтың жоғары прессинг жүйесіне мінсіз үміткер етеді.
«Тоттенхэм» Семеньоны «Ливерпульге» қарағанда бұрыннан бақылауда ұстап келеді. Томас Франктың командасы бұл ойыншыны өткен жазда бағалаған болатын, бірақ жоғары баға келісімді кешіктірді. Соған қарамастан, қызығушылық сақталып отыр және клуб құрамын күшейтуге мүмкіндік туса, трансферлік ізденістерін қайта жалғастыруы мүмкін.
Ағымдағы маусымда ганалық футболшы Премьер-лигада 11 матчта 6 гол соғып, 3 нәтижелі пас берген. Ал өткен маусымда оның еншісінде 11 гол және 6 ассист бар.
Бұған дейін «Ливерпуль» АПЛ-да Салахқа тамаша алмастырғыш тапқаны хабарланған еді.