«Ливерпуль» Луис Диасты сатудан бас тартты
Ағылшын клубы колумбиялық вингерді бұл трансферлік терезеде босатпайды
Футбол
Әлім Динасылов
Редактор
ФОТО: Getty Images
Журналист Бен Джейкобстың X әлеуметтік желісінде хабарлауынша, «Ливерпуль» Луис Диасты «Баварияға» сатуға келіспеген. Мюнхендік клубқа ағылшын ұжымының бұл трансферлік терезеде футболшыны сатқысы келмейтіні нақты жеткізілген, дейді сарапшы.
Сонымен қатар, Диасқа қызығушылық танытқан Сауд Арабиясының «Аль-Наср» клубы әлі «Ливерпульмен» байланысқа шықпағаны айтылды.
Еске салайық, Луис Диас «Ливерпульге» 2022 жылдың қаңтарында ауысқан болатын. 2024/25 жылғы маусымда ол 50 матчқа қатысып, 17 гол соғып, сегіз нәтижелі пас берген.
«Ливерпуль» үнсіз жаңа қақпашыға қол қойды.