locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Қонақ Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
Мәзір

«Әл-Иттихад» мерзімінен бұрын Сауд Арабиясының чемпионы атанды

Футбол 15 мам 2025 16:39
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
«Әл-Иттихад» мерзімінен бұрын Сауд Арабиясының чемпионы атанды
ФОТО: Getty images

Жидда қаласының «Әл-Иттихад» клубы 2024/25 жылғы маусымда Сауд Арабиясының чемпионы атанды. Бұл атақ оларға 32-тур аясында «Әл-Раэд» командасын 3:1 есебімен сенімді жеңгеннен кейін бұйырды. Бұл жеңіс клуб тарихындағы оныншы чемпиондық болып, мерейтойлық жетістікке айналды.

Ойынның 9-минутында Омар Гонсалестің голынан кейін есепте артта қалғанына қарамастан, «Әл-Иттихад» тез арада ойын тізгінін қолға алып, бірінші таймның соңына дейін таразы басын теңестіріп үлгерді. Екінші кезеңде команда екі гол соғып, басымдығын нығайтты. Бұл жеңіс арқылы олар 77 ұпай жинап, екінші орында тұрған «Әл-Хиләлдан» 9 ұпайға озды. Маусымның аяқталуына екі тур қалғанда бұл көрсеткіш жеткілікті болды.

Тіпті ұпай тең болған жағдайда да «Әл-Иттихад» жеке кездесулердегі артықшылығы арқылы қарсыластарынан алда қалады. Осылайша, клуб өз тарихындағы 1982, 1997, 1999, 2000, 2001, 2003, 2007, 2009 және 2023 жылдардағы жеңісті маусымдарын қайталады.

Оныншы чемпиондықтың арқасында «Әл-Иттихад» Сауд Арабиясы футболының тарихында чемпиондықтар саны бойынша жеке екінші орынға шықты. Олар 9 мәрте жеңіске жеткен «Әл-Насрды» артқа тастап, тек 19 мәрте чемпион атанған «Әл-Хиляльға» ғана жол беріп отыр.

Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie