locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Ұлытау» жаңа бапкерді тапты

Бұл қазақстандық маман болатын.
Футбол
Қайсар Дәулетбай
Қайсар Дәулетбай
Редактор
«Ұлытау» жаңа бапкерді тапты
ФОТО: Страница «Улытау» в Instagram

Жезқазғандық «Ұлытау» командасының жаңа бас бапкері жарияланды. Бұл қызметке Нұркен Мазбаев тағайындалды.

Нұркен Мазбаев - қазақ футболының дамуына зор үлес қосқан тәжірибелі бапкер әрі бұрынғы кәсіби футболшы. Ол бұған дейін бірқатар қазақстандық клубтарды жаттықтырып, жастар арасындағы футболды дамытуға ерекше көңіл бөлген. Жаңа қызметінде де ол өзінің тәжірибесі мен білімін Ұлытау өңірінің футболын көтеруге арнайды деп күтілуде.

Бас бапкердің көмекшісі ретінде жаттықтырушы Сергей Александорович Пак тағайындалды.

Клуб басшылығы жаңа жаттықтырушылар құрамына сенім артып отыр. Жалғасып жатқан маусымда команда жанкүйерлерін қуантатын нәтижелер көрсетеді деп үміттенеміз.

Бас бапкердің көмекшісі қызметіне жаттықтырушы Сергей Пак тағайындалды.

КПЛ-дің соңғы турында жеңілгеннен кейін «Ұлытау» Иван Азовскиймен қош айтысуды шешті. Ол кезде бұл қызметке қазақстандық маман келуі мүмкін екені жоғары ықтималдықпен хабарланған болатын.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie