«Ұлытау» күтпеген жерден «Ордабасыны» жеңіп, маусымдағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді
Футбол
Дамир Кошечкин
Журналист
ФОТО: Улытау
24 мамыр күні Қазақстан Премьер-лигасының 10-туры аясында «Ордабасы» мен «Ұлытау» өзара кездесті.
Жезқазғандық клуб күтпеген жерден сырт алаңда 0:1 есебімен жеңіске жетіп, жанкүйерлерін қуантты. Жеңіс голын алғашқы таймның қосымша минутында пенальтиден Молдақараев соқты.
Бұл - «Ұлытаудың» биылғы маусымдағы алғашқы жеңісі. Осы үш ұпайдың арқасында команда турнир кестесінде 14-орыннан 13-орынға көтерілді.
ҚПЛ. 10-тур
«Ордабасы» - «Ұлытау» - 0:1
Гол: Молдақараев, 45+2 (пенальти).
Қазіргі таңда «Ордабасы» 14 ұпаймен жетінші орында тұр. Ал «Ұлытаудың» еншісінде 5 ұпай бар.