locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Ұлытау» Горовенконы бас бапкер етіп тағайындау жөнінде келіссөздер жүргізіп жатыр

Жезқазғандықтар мамыр айында Горовенкоға хабарласқанымен, Иван Азовскийге сенуді жөн көрді
Футбол
Қайсар Дәулетбай
Қайсар Дәулетбай
Редактор
«Ұлытау» Горовенконы бас бапкер етіп тағайындау жөнінде келіссөздер жүргізіп жатыр
ФОТО: ФК Атырау

«Жезқазған Ұлытауы» Константин Горовенконы бас бапкер етіп тағайындау жөнінде келіссөздер жүргізіп жатыр, деп хабарлайды BorodAbata.kz.

ҚПЛ аутсайдері Горовенкоға тағы да жақындады, бірақ 48 жастағы маман бұл орынға жалғыз үміткер емес. Қазіргі уақытта «Ұлытау» опцияларды жеделдетіп қарастыруда, бірақ қазақстандық жаңа бапкер болатыны белгілі.

Горовенко «Атырау», «Шахтер» және «Каспий» командаларында да жұмыс істеген және Қазақстан құрамасында Станислав Черчесовтың көмекшісі болған.

Жезқазғандық команда мамыр айында Горовенкоға хабарласқанымен, Иван Азовскийге сенуді жөн көрді.

29 маусымда «Ұлытау» премьер-лиганың соңғы турындағы сәтсіз нәтижеден кейін Иван Азовскиймен жолын қоштасуға бел байлағаны белгілі болды.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie