Әліптің капитандық басқаруындағы «Зенит» Самородов шәкірттерін ұтты
Қазақстандық қорғаушы Нұралы Әліп пен оның отандасы, грозныйлық «Ахмат» сапында ойнайтын Максим Самородов ресми матчта бір-біріне қарсы алаңға шығып, 90 минут толық ойнады.
Бұл кубоктық кездесуде «Зенит» екі жылдам голдың арқасында 2:1 есебімен жеңіске жетті. Грозный командасы матч соңына таман бір голмен жауап қайтарып, тіпті жеңілістен аман қалуға да мүмкіндігі болған, алайда қосымша минуттарда петерборлықтардың қақпашысы Максим Самородовтың қауіпті соққысын қайтарды. Айта кетерлігі, бұл ойын Самородовтың маусымдағы алғашқы матчтағы негізгі құрамда басталуы болды.
Ал Нұралы Әліп бұл жолы алғаш рет «Зенит» командасын капитан ретінде алаңға бастап шықты. Бұған дейін «Ахмат» Самородовсыз «Рубин» мен ЦСКА-дан ұтылған болатын.
Нұралы Әліп пен Максим Самородов – Қазақстан құрамасының негізгі ойыншылары.
30 шілде. Грозный. Ресей кубогының топтық кезеңі.
«Ахмат» — «Зенит» — 1:2 (0:2)
Голдар: Адамов, 3 (0:1); Гонду, 8 (0:2); Конате, 83 — пенальтиден (1:2)