locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Лионель Месси 38 жасқа толды! Аргентиналықтың бұрынғы клубы ойыншыны туған күнімен құттықтады

«Барселона» футболшыны айтулы күнмен құттықтады
Футбол
Нұрбақыт Қадырбаев
Нұрбақыт Қадырбаев
Редактор
Лионель Месси 38 жасқа толды! Аргентиналықтың бұрынғы клубы ойыншыны туған күнімен құттықтады
ФОТО: Getty Images

Аты аңызға айналған Аргентина және «Интер Майами» ойыншысы Лионель Месси 24 маусымда 38 жасқа туылған күнін атап өтті.

Месси 20 жылдан астам уақыт өткізген бұрынғы клубы «Барселона» да шет қалмай, ойыншыны айтулы датамен құттықтады.

«Жалғыз және қайталанбас, туған күнің құтты болсын», - делінген клуб мәлімдемесінде.

Месси де туған күнін өзінше атап өтті – оның командасы «Палмейраспен» тең түсіп, клубтар арасындағы әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне жолдама алды. Турнирдің 1/8 финалында «Интер Майами» Лионель Мессидің тағы бір бұрынғы клубы – француздық «ПСЖ-мен» кездеседі.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie