locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Лион» қарызын өтеп, ФИФА-ның трансферлік банынан құтылды

ФИФА «Лионға» трансфер жасауға рұқсат берді
Футбол
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
«Лион» қарызын өтеп, ФИФА-ның трансферлік банынан құтылды
ФОТО: Getty images

Францияның әйгілі «Лион» футбол клубы қайтадан жаңа ойыншыларды тіркей алады. Бұл туралы француздың беделді L’Équipe басылымы хабарлады.

Трансферлік тыйымға себеп болған жағдай күлкілі көрінуі мүмкін - клуб Нидерландтың «Херенвен» командасына небәрі €2238,36 көлемінде қарыз болып қалған. Бұл сома 2023 жылдың қаңтарында «Лионға» ауысқан шабуылшы Амин Саррдың трансфері үшін есептелген пайыздық төлем еді. Қарапайым футболшының бір күндік жалақысына тең бұл сома төленбей, клубқа халықаралық деңгейде үш трансферлік кезеңге тыйым салынды.

Алайда «Лион» басшылығы бұл жағдайға тез арада жауап беріп, қарызды өтеді. Осыдан кейін ФИФA трансферлік шектеуді дереу алып тастады. Енді клуб жазғы трансфер маусымына толыққанды қатыса алады.

Айта кетейік, «Лион» алдағы маусымда Еуропа лигасында өнер көрсететін болады. Команда Лига 1 турнирінде 57 ұпаймен алтыншы орын алған болатын. Бірақ Франция кубогында чемпион атанған ПСЖ ЧЛ-ға жолдама алып қойғандықтан, Еуропа лигасындағы орын «Лионға» берілді.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie