Лига 1. Монако соңғы орындағы Монпельеге жеңіліп қалды
Футбол
Нұрбақыт Қадырбаев
Редактор
ФОТО: Getty Images
Бүгін Франция 1-ші Лигасының 18-ші турының ойыны өтті. Онда чемпионат аутсайдері “Монпелье” өз алаңында “Монаконы” қабылдады.
32-ші минутта фавориттер есеп ашты – бұрыштамадан кейін Тило Керер гол соқты. Бірақ, одан соң “паладиндер” Аль-Тамаридің дубльінің арқасында ғажайып жасап, матчтың қорытындысын өзгертті. Нәтижесінде, Лига 1-дің соңғы командасы “Монакодан” 2:1 есебімен басым түсті.
Лига 1. 18-ші тур. 18-ші қаңтар.
Монпелье - Монако - 2:1
Голдар: Аль-Тамари, 55, 82 - Керер, 32.