«Лидс» пен «Бернли» Премьер-Лигаға оралды
Чемпионшип көшбасшысы «Лидс» Премьер-Лигаға шықты.
«Стокты» 6:0 есебімен жеңгеннен кейін «Лидстің» 94 ұпайы бар және аяқталуға екі ойын қалғанда үшінші орында келе жатқан «Шеффилд Юнайтед» «Лидсті» қуып жете алмайды. Чемпионшипте үздік екі орын алған команда Премьер-Лигаға тікелей жолдама алады, ал маусымды үшіншіден алтыншы орынға дейін аяқтаған командалар плей-офф кезеңінде ойнайды.
Өз кезегінде «Бёрнли» де 94 ұпай жинап, соңғы кездесуде «Шеффилд» командасын 2:1 есебімен ұтты.
«Павлиндер» соңғы рет Премьер-лигада 2022/23 маусымында ойнады, содан кейін олар Чемпионшипке түсіп қалды. Ал «Бёрнли» Премьер-лигада өткен маусымда ойнады.
Кеше «Лестер» маусым соңында Премьер-Лигадан түсіп қалатыны белгілі болды. Түлкілер өткен маусымда Чемпионшипте ойнады және сол жерде бірінші болып, Премьер-Лигаға оралды.