«Әл-Хиляль» - «Әл-Наср» - 1:3. Роналдудың дублі! Голдар және матчқа бейнешолу
Сәуірдің 4-і күні «Әл-Хилал» мен «Әл-Наср» алпауыттары арасында Сауд Про-лигасының 26-шы турының ойыны өтті.
- Матчтың барлық ең қызықты сәттерін Sports24.kz Telegram-арнасында live режимде көруге болады!
Бірінші таймның қосымша уақытынла «Әл-Наср» есеп ашты. Екінші таймның басында алаң иелері Садио Маненің қапталынан қарсы шабуылға шықты. Сенегалдық айып алаңына еніп, допты орталыққа бағыттады, Роналду оны бір түртіп қақпаға жіберді. Алаң иелері 62-минутта есепті теңестірді. Бірақ матчтың соңы «Әл-Насрдың» басымдылығымен аяқталды. Негізгі уақыттың аяқталуына екі минут қалғанда Роналду пенальтиді сәтті орындады. Бұл португалиялықтың мансабындағы 931-ші голы болды.
Сауд Про-лигасы. 26-тур. 4 сәуір
«Әл-Хиляль» - «Әл-Наср» - 1:3
Голдар: әл-Болеахли, 63 - әл-Хассан, Роналду, 47, 88 (пенальти).
Матчқа бейнешолу: