Левандовскиді Осимхен алмастыруы мүмкін
Футбол
Наурызбай Қанатұлы
Фото: gettyimages
«Барселона» Виктор Осимхен трансфері бойынша жұмыс бастап көргісі келеді. Оны Роберт Левандовскидің орнын басар ойыншы ретінде қарастырып отыр, деп жазады El Nacional.
Каталониялық клуб шабуылшыны жалға алуы да мүмкін. Бұған дейін, «Наполи» шабуылшыны құрамына қайта шақырмайтыны белгілі болған еді. Қазір нигериялық шабуылшы Түркияның «Галатасарай» клубында жалда ойнап жүр. Түркиялық клуб та нигериялық ойыншыны құрамында сақтап қалғысы келеді. «Галатасарай» оны осы маусымның соңына дейін жалға алған болатын.
Виктор Осимхен осы маусымда «Галатасарай» сапында 33 матчқа қатысып, 29 гол соғып, 6 голдық пас берген.