Әлем чемпионының ұлын тәртіпсіздігі үшін командадан қуды
Бір жыл да шыдамады, командадан мерзімінен бұрын кетті
Футбол
Жантөре Қайсаров
Редактор
ФОТО: ФК ЮКСА
Жұлдызды футболшылардың балалары да футболда бағын сынап жатыр. Кейбіреуі жарқырап көрінсе, енді біреулеріне бұл спорт түріндегі жолы ауыр келеді.
Наурыз айының басында 1994 жылғы әлем чемпионы, Бразилия құрамасының ойыншысы Ромарионың ұлы Ромариньо Украина Бірінші лигасында ойнайтын ЮКСА клубымен келісімшартқа отырған еді. Алайда, 28 қарашада-ақ «крестоносцы» ойыншымен келісімшартты үзгенін хабарлады, ал бұл келісімшарт жылдың соңында аяқталуы тиіс болған.
Украиналық БАҚ мұндай шешімді «ойыншының клубтағы тәртіпті бұзуы және ұжымға теріс әсер етуімен» байланыстырса, клуб бұл қауесеттерді ресми мәлімдемесінде үзілді-кесілді жоққа шығарды. ЮКСА сапында Ромариньо 17 матч өткізіп, нәтижелі әрекеттерімен көзге түсе алмады.