locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі Финляндия - Польша ойыны үзілді. Не болып қалды?

Футбол
Нұрбақыт Қадырбаев
Нұрбақыт Қадырбаев
Редактор
Әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі Финляндия - Польша ойыны үзілді. Не болып қалды?
ФОТО: Getty Images

Маусымның 10-нан 11-не қараған түні Финляндия мен Польша құрамалары арасында еуропалық іріктеу ойыны өтті.

Ойын 73-минутта 2:1 есебімен финдердің пайдасына шешіліп тұрған сәтте үзілді. Бұған финдік жанкүйердің трибунада есінен танып, жедел медициналық көмекке мұқтаж болуы себеп болғаны хабарланды. Португалиялық төреші Жоау Пиньейру ойынды үзіп, командалар киім ауыстыратын бөлмелерге қарай алаңнан шығып кетті.

Үзілістен кейін командалар ойынды жалғастырды, бірақ есеп өзгеріссіз қалып, Финляндия өз алаңындағы ойында үш ұпайға қол жеткізді.

2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі. Еуропа. G тобы. 10 маусым

Финляндия – Польша – 2:1

Голдар: Похьянпало, 31, Колман, 64 - Кивиор, 69.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie