locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Әлем чемпионатына шыққан Өзбекстан құрамасының ойыншыларына автокөлік табысталды

Футбол
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
Әлем чемпионатына шыққан Өзбекстан құрамасының ойыншыларына автокөлік табысталды
ФОТО: uz_football

Өзбекстан ұлттық құрамасының футболшылары мен бапкерлік штабының мүшелері 2026 жылғы әлем чемпионатына жолдама алғаннан кейін автокөлікпен марапатталды. Сыйлық ретінде берілген көліктер тікелей стадионға жеткізілді.

Азия аймағындағы іріктеу кезеңінің үшінші айналымының 10-туры аясында өзбекстандықтар Катар құрамасын 3:0 есебімен сенімді түрде жеңді. Бұл ойын турнирлік маңызын жоғалтқан еді, себебі Өзбекстан құрамасы әлем чемпионатының финалдық кезеңіне жолдаманы 9-турда-ақ мерзімінен бұрын жеңіп алған болатын. Бұл - ел футболының тарихындағы алғашқы жолдама.

10 тур қорытындысы бойынша Иран құрамасы 23 ұпаймен 1-топта көш бастады. Өзбекстан құрамасы 21 ұпай жинап, екінші орынға тұрақтады. Айта кетейік, топтағы алғашқы екі орын әлем чемпионатының финалдық кезеңіне тікелей жолдама береді.

2026 жылғы әлем чемпионаты АҚШ, Канада және Мексика елдерінде өтеді.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie