Легионер командадан кетті: «Ұлытау» молдовалық шабуылшымен қоштасты
Молдовалық шабуылшы Николай Солодовников Жезқазған командасында жарты маусымнан аз ғана уақыт ойнап, клубтан кетті
Футбол
Арсен Алиев
Редактор
ФОТО: ФК Ұлытау
Жезқазғанның «Ұлытау» футбол клубы Николай Солодовниковпен келісімшарттың аяқталғанын ресми түрде хабарлады.
«Николай Солодовников клубымызбен қош айтысты. Ол команда сапында 14 матчқа қатысып, бір голдың авторы атанды», – делінген клубтың Instagram парақшасындағы хабарламада.
Солодовников – Тирасполь қаласындағы «Шериф» академиясының түлегі. Ол кәсіби мансабын дәл осы клубтың жастар құрамында бастаған. Бұған дейін Молдова, Польша, Албания және Литва чемпионаттарында ойнаған. «Ұлытауға» биылғы ақпанда Литваның «Судува» клубынан ауысып келген еді.
Қазақстан Премьер-Лигасының 15 турынан кейін жезқазғандық ұжым 12 ұпай жинап, турнирлік кестеде 12-орында тұр.