locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Ламин Ямалға Леганеспен матч алдында Golden Boy сыйлығы табыс етілді

Футбол
Нұрбақыт Қадырбаев
Нұрбақыт Қадырбаев
Редактор
Ламин Ямалға Леганеспен матч алдында Golden Boy сыйлығы табыс етілді
ФОТО: Getty Images

“Барселона” мен “Леганес” арасындағы Испания чемпионатының 17-ші турындағы матчы басталмас бұрын “каталондықттардың” вингеріне Golden Boy-2024 жүлдесі табыс етілді.

Бұл сыйлық Еуропаның 21 жасқа дейінгі ең үздік ойыншыларына беріледі және оны жыл сайын Туриндік Tuttosport басылымы береді. Естеріңізге сала кетейік, Ямал бұл сыйлықты өткен айдың соңында ресми түрде жеңіп алған болатын. Ал шараның өзі ертең өтеді. Оған клубтың ұйымдастырушылармен логистикаға қатысты келіспеушілігі себеп болған үшін “Барселона” қатыспайды.

Ямал Педри мен Гавидің 2021 және 2022 жылдардағы жетістіктерінен кейін соңғы төрт маусымда осы сыйлықты жеңіп алған Барселонаның үшінші ойыншысы болды. Ямалға дейін соңғы марапат иегері мадридтік "Реал" ойыншысы - Джуд Беллингем.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie