Ламин Ямаль жарақатынан айығып, «Барселонаға» «Эльчемен» ойында көмектесуге дайын
Испаниялық футболшы ертең-ақ туған командасының намысын қорғауға әзір
Футбол
Алибек Дангарин
Сарапшы
ФОТО: Getty Images
«Барселона» шабуылшысы Ламин Ямаль өткен апта бойы қалпына келтірудің жеке бағдарламасымен қарқынды жаттығулар өткізді. Бұл туралы Mundo Deportivo хабарлайды.
Бұған дейін 18 жастағы футболшының шап аймағынан жарақат алғаны анықталған болатын. Ойыншы 26 қазанда өткен Ла Лигадағы мадридтік «Реалға» қарсы матчта (1:2) алаңда дискомфорт сезінген еді.
Дереккөздің мәліметінше, Ямаль Эль-Класикодағы сәтсіз ойыннан кейін өзінің ең жоғары спорттық бабына қайта оралуға бел буып отыр және 2 қарашаға жоспарланған Испания чемпионаты аясындағы «Эльче» командасына қарсы кездесуде өзін жақсы қырынан көрсетуді мақсат етеді.
Бұған дейін Ямальдың Мессиге тән сырқатпен де күресіп жүргені белгілі болған.