locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Ламин Ямаль «Барселонамен» келісімшартын ұзартты

«Барселонаның» 17 жастағы ойыншысы клубта 2031 жылға дейін қалады
Футбол
Нұрбақыт Қадырбаев
Нұрбақыт Қадырбаев
Редактор
ФОТО: Getty Images

«Барселонаның» 17 жастағы вингері Ламин Ямаль клубпен келісімшартын 2031 жылдың 30 маусымына дейін ұзартты.

Ойыншы жаңа келісімшартқа клубтың кеңсесінде ата-анасының қатысуымен қол қойды, өйткені Ямалm әлі кәмелет жасқа толмаған.

Ямаль негізгі команда сапындағы дебютін 2023 жылы 29 сәуірде небәрі 15 жасында өткізді. Қазіргі уақытта оның негізгі құрама сапында 106 ойыны бар, ол 25 гол соғып, 34 нәтижелі пас берді.

Келісімнің қаржылық құрамдас бөлігі әлі ашылған жоқ, бірақ алдын ала мәліметтер бойынша, Ламин жаңа келісімшарт бойынша жылына таза 8 млн еуро алады. Бұл оны каталондықтардың Роберт Левандовски мен Френки Де Йонгтан кейінгі ең көп жалақы алатын үшінші ойыншысы етеді.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie