Ла Лига. Реал Лас-Пальмасты талқандап бірінші орынға шықты


Бүгін, 19 қаңтар күні Ла Лиганың 20-шы тур ойындары өтті. Мадридтік “Реал” өз алаңында кестенің соңғы орында тұрған “Лас-Пальмас” командасын қабылдады. Кездесудің нәтижесі 5:1 есебімен мадридтіктердің жеңісіне жетті.
Матчтың бірінші минутында “Лас-Пальмастың” ойыншысы Фабио Сильва есеп ашса, Сандро Рамирестің пасынан кейін ойыншы қорғаушылардан өтіп, есеп ашты. Бірақ қонақтардың артықшылығы ұзаққа бармады, себебі Килиан Мбаппе 18-ші минутта пенальтиді орындап, есепті теңестірді. Одан кейін 38-ші минутта Брахим Диас Лукас Васкестің пасымен есепті еселеді, сол Килиан үшінші голды соғып, осымен бірінші тайм мадридтіктердің пайдасына өтті. Матчтың 57-ші минутында бразилиялық Родриго алаң иелерінің басымдығын арттырса, матчтың 64-минутында дәрменсіздігіне байланысты Бенито Рамирес тікелей қызыл қағаз алып, алаңнан қуылып, қонақтар 10 адаммен ойынды жалғастыруға мәжбүр болды.
Ла Лига. 20-шы тур. 19 қаңтар.
Реал Мадрид – Лас-Пальмас – 4:1
Голдар: 0:1 Сильва, 1', 1:1 Мбаппе(П), 18', 2:1 Диас, 33', 3:1 Мбаппе, 36', 4:1 Родриго, 57'
Қызыл қағаз: Лас Пальмас, Рамирес, 64'
Соңғы матчтан кейін Карло Анчелотти шәкірттері турнирлік кестеде 46 ұпаймен 1-ші орында, ал “Лас-Пальмас” 22 ұпаймен 14-ші орында.

Басқа спорт түрлері
Бүгін 07:45


Басқа спорт түрлері
Бүгін 05:30