locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Куртуа Касильясты қасиетті деп атады және әлемнің үздік қақпашыларын атады

Куртуа нұсқасы бойынша үздік қақпашылар тізіміне қарсылас клубтардың қақпашылары кірді
Футбол
Қайсар Дәулетбай
Қайсар Дәулетбай
Редактор
ФОТО: Getty images

Мадридтік «Реалдың» қақпашысы Тибо Куртуа жуырдағы сұхбатында «Реалдың» ең үздік қақпашысы ретінде өзін емес, Касильясты есте сақтайтынын айтты.

«Бұны маған біреу айтқан немесе мен мұны естігенмін, бірақ, ойымша, «Қасиетті» — Икер Касильяс «Реал» жанкүйерлері мен испан футболы үшін өте маңызды тұлға. Бірақ менің атымның онымен қатар аталуы — бұл да мақтау. Ең таңдаулылардың бірі ретінде есте қалу үшін трофейлер жеңу керек, мен дәл осыған ұмтыламын. «Ливерпульге» қарсы ойында (2022 жылғы Чемпиондар лигасының финалы) жасаған 8 сейвімді ешкім есіне алмайды, сол себепті трофейлерді жеңу маңызды. «Реалдан» кеткенде әркімнің өз пікірі болады», – деді Куртуа.

Сондай-ақ бельгиялық қақпашы қазіргі таңда үздік үш қақпашыны атады:

«Мен өзімді шетке қоямын. Үшінші орында – Облак («Атлетико Мадрид»), одан кейін Алиссон («Ливерпуль») және Давид Райя («Арсенал»),» – деді Куртуа.

Тибо Куртуа мадридтік «Реалмен» бірге көптеген трофейлерге ие болды, оның ішінде бірнеше Испания чемпионаты мен Чемпиондар лигасы титулдары бар. Сондай-ақ ол Лев Яшин атындағы «Алтын қолғап» сыйлығын жеңіп алған.

Бұған дейін Куртуа 2027 жылы аяқталатын «Реалдағы» келісімшартын ұзартпайтыны белгілі болған еді.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie