locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Кубоктағы сенсация: «Жеңіс» чемпион «Ақтөбені» турнирден ұшырып жіберді

Футбол
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
ФОТО: Ақтөбе ФК

Өткен маусымның Қазақстан Кубогының иегері - «Ақтөбе» футбол клубы биылғы жарыста ерте сүрінді. Команда 1/8 финал кезеңінде елордалық «Жеңіске» 0:1 есебімен жол беріп, турнирден ұшып кетті.

Ойын тағдырын 76-минутта «Жеңіс» жартылай қорғаушысы Никита Ромның дәл соққысы шешті. Бұл жеңіс елордалық клуб үшін тарихи мәнге ие болды - команда ұзақ үзілістен кейін алғаш рет Қазақстан Кубогының ширек финалына жолдама алды.

Қазақстан Кубогы. 1/8 финал
«Жеңіс» — «Ақтөбе» — 1:0 (0:0)
Гол: Ром, 76 (1:0)

«Ақтөбе» үшін бұл нәтиже күтпеген жайт болды. Елдегі ең мықты құрамдардың біріне ие команда биыл да трофей үшін таласады деп күтілген. Алайда «Жеңіс» жақсы дайындық пен ұйымшылдық танытып, сенімді ойын өрнегін көрсетті.

Ширек финалда елордалық клуб «Астанаға» қарсы шығып, жартылай финал жолдамасын сарапқа салады.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie