locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Күтпеген жерден көп балалы әке атанған Винисиус. «Реал» жұлдызы үш баласы бар сүйіктісіне қайта оралды

«Реал» жұлдызы сүйіктісімен қайта қосылды
Футбол
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
Күтпеген жерден көп балалы әке атанған Винисиус. «Реал» жұлдызы үш баласы бар сүйіктісіне қайта оралды
ФОТО: IG Вини

«Реал Мадрид» шабуылшысы Винисиус Жуниор сүйіктісі Вирджиния Фонсекемен қайта қосылды. Жұп қазан айының басында болған даулы оқиғадан кейін қарым-қатынасын қалпына келтіруге шешім қабылдаған.

Қазан айында әлеуметтік желіде Винисиустың бразилиялық модель Дэй Магальяэспен жазысқан хаттары тарап кеткен болатын. Сол кезде футболшы көпшілік алдында кешірім сұрап, былай деген еді.

«Мен керемет әйелді ренжіттім. Барлығын қайтадан бастағым келеді».

Енді, көрінгендей, қос ғашық қайта табысқан сыңайлы. Винисиус әлеуметтік желіде Вирджиниямен түскен суреттерін жариялап, жанкүйерлерін тағы да таңғалдырды.

Айта кетсек, Вирджиния Фонсека – 26 жаста, үш баланың анасы. БАҚ мәліметінше, Винисиус сүйіктісінің балаларының білімі мен күтіміне қолдау көрсетуге дайын екенін білдірген.

Алайда жеке өміріндегі тыныштық футбол алаңындағы жағдайға кепіл бола алмай тұр. Испан басылымдарының хабарлауынша, бразилиялық вингер клубтағы ахуалға көңілі толмай, 2026 жылдың жазында «Реалдан» кету мүмкіндігін қарастыруда.

Қазіргі таңда Винисиус 13 матч өткізіп, 5 гол соғып және 3 нәтижелі пас берген.

ФОТО: IG Вини
Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie