Күтпеген қоштасу: Давид Энен «Тоболдан» кетті
Тоғолық шабуылшы костанайлық клубтағы өнерін аяқтап, карьерасын жалғастыру үшін жаңа команда іздейді
Футбол
Арсен Алиев
Редактор
ФОТО: Тобол ФК
«Тобол» футбол клубы Давид Эненмен қош айтысты.
26 жастағы тоголық ойыншымен келісімшарт екі жақтың өзара келісімі бойынша бұзылды.
Сары-жасылдар сапында өткізген кезеңінде Энен барлық турнирлерде 32 матчқа қатысып, 6 гол соғып, 8 нәтижелі пас берді. Костанайлық командамен бірге ол Қазақстан Суперкубогын жеңіп алды.
Қазақстанға келмей тұрып, форвард Бельгия чемпионатында «Стандард», «Андерлехт», «Шарлеруа» және «Кортрейк» клубтарының намысын қорғаған. Сондай-ақ, Того ұлттық құрамасында 17 ойын өткізіп, 2 голдың авторы атанған.