«Күтпедім». Бағдат Қайыров КПЛ-2025-тің үздік қорғаушысы атанды
«Ақтөбе» футболшысы Бағдат Қайыров өткен маусым қорытындысы бойынша Қазақстанның үздік қорғаушысы атанды. Оған бұл құрметті марапат KFF League Awards салтанатты рәсімінде табысталды.
10 желтоқсанда KFF League Awards марапаттау рәсімі өтіп, онда Премьер-лигасының өткен маусымдағы үздік ойыншылары анықталды.
«Барлығы өте бәсекелі ортада өтті. Мұнда отырған әркім - өз ісінің кәсіпқойы. Әрқайсысы өз үлесін қосты. Бұл мен үшін күтпеген жағдай. Шынымды айтсам, күтпедім. Әрине, марапат алғаныма өте қуаныштымын. Қазақ футболы дами берсін! Бұл тек менің еңбегім емес. Өйткені футбол – командалық ойын, командадағы әр ойыншыға алғыс айтамын», – деді Бағдат Қайыров марапатты алған сәтте.
Марапат иегерлерінің тізімі төмендегідей:
Үздік қақпашы – Темірлан Анарбеков («Қайрат»)
Үздік қорғаушы – Бағдат Қайыров («Ақтөбе»)
Үздік жартылай қорғаушы – Ғалымжан Кенжебек («Елімай»)
Үздік шабуылшы – Ислам Чесноков («Тобыл»)
Үздік жас ойыншы – Дастан Сатпаев («Қайрат»)
Үздік бапкер – Рафаэль Уразбахтин («Қайрат»)
Үздік ойыншы – Дастан Сатпаев («Қайрат»)
Үздік сұрмерген – Назми Грипши («Астана»)
Маусым серпілісі – Дәурен Жұмат («Оқжетпес»)